Accessibility links

Теңдесі жоқ дауысымен танылған опера әншісі Ерік Құрманғалиев қайтыс болды


МӘСКЕУ: Мәскеуде қазақтың әйгілі опера әншісі Ерік Құрманғалиев мезгілсіз қайтыс болды. Е.Құрмангалиев – 1959-ыншы жылдың 31-інші желтоқсанында Атырау облысының Құлсары кентінде дүние келді. Мәскеудің Гнесиндер атындағы Институтында оқып жүріп-ақ марқұм Ерік өзінің теңдесі жоқ контратенор дауысымен бүкіл өнерсүйер қауымды аузына қаратты. 1990-ыншы жылдары Роман Виктюктің қойған “М.Баттерфляй” спектаклінде әйел партиясын орындап, бүкіл әлемге танылды. Соңғы жылдары ол көбіне шетелде жұмыс істеп келді. Осыдан 1 айдай бұрын бауыры асқынып ауруханаға түскен Ерік жасы 48-ге аяқ басқан шағында қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG