Accessibility links

Ақ үй Пәкістан президентін жалпыұлттық сайлауды ашық әрі әділ өткізуге үгіттейді


ВАШИНГТОН: Пәкістан президенті П.Мушаррафты елдегі төтенше жағдай тәртібін тоқтатуға көндіру үшін ресми Вашингтон өзінің жоғары дәрежелі дипломатын Исламабадқа аттандырады. Мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Исламабадқа осы аптаның соңында жетіп, П.Мушаррафпен арадағы келіссөзі барысында жалпыұлттық сайлауды мейлінше ерте, ашық және әділ өткізу керектігі туралы АҚШ-тың көзқарасын айтуға тиіс. Осыған дейін Пәкістанның экс-премьер-министрі Б.Бхутто елдегі демократияны қалпына келтіру үшін оппозицияның өзге лидерлерімен, оның ішінде тағы бір экс-премьер Н.Шарифпен одақтасуға дайын екенін ескертіп, П.Мушаррафтен биліктен кетуін талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG