Accessibility links

Ресей өзінің соғыс зымырандарымен Еуропаны нысанаға алуы мүмкін


МӘСКЕУ: Ресей генералының мәлімдеуінше, АҚШ-тың Орталық Еуропаға зымырандық соққыдан қорғану жүйесінің элементтерін орналастыру жоспарына қарсы Мәскеу Беларуссияға орта қашықтыққа жететін зымырандарын орналастыруы мүмкін. Ресей баспасөзі хабарлағандай, Ресейдің артиллериялық және зымырандық күштерінің қолбасшысы, генерал Владимир Зарицкий: “кез-келген іс-қимыл қарсы әрекетке тап болады, Американың зымырандық соққыдан қорғану жүйесін орналастыру жоспары да сондай әрекетке тап болады”, -деп мәлімдеді. Өткен маусым айында Ресей президенті В.Путин егер АҚШ өзінің радар жүйесін Чехия мен Польшаға орналастыратын болса, онда Мәскеу өзінің зымырандарын Еуропадағы нысаналарға қарай бұрады деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG