Accessibility links

Грузиядағы төтенше жағдай тәртібі жұма күні тоқтатылады


ТБИЛИСИ: Бүгін Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджанадзе елдегі төтенше жағдай тәртібінің 16-ншы қараша күні жойылатынын мәлімдеді. Н.Бурджанадзе бұл мәлімдемені жоғарғы мемлекет басшылығының нұсқауымен жасап отырғанын ерекше атап көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, елді саяси дағдарыстан шығару үшін республика басшылығы оппозициямен арадағы келіссөзін жалғастыру үстінде. Президент М.Саакашвили төтенше жағдай тәртібін саяси оппозицияның ереуілін қуып таратқан соң 7-нші қараша күні орнатты. 5-інші қаңтарға кезектен тыс парламент сайлауы белгіленді.
XS
SM
MD
LG