Accessibility links

АҚШ ғалымдары жаңа планета ашты

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Жаңа планета Жерден 41 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан.

Құрама Штаттары ғалымдарының айтуынша, олар Жерден 41 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан жұлдыз маңынан жаңа планета ашып отыр. Ол планетаның аты- 55-ші Канкри деп аталады. Алгі жұлдызды айналып жүрген осымен 5-ші планета табылып отыр. Сондықтан да қараша айының басындағы бұл жаңалық аса құнды болуда. Аталған планета Күн жүйесіндегі бір құрылымға айналып отыр. Ол планетаны жай көзбен байқай алмайсың. Алайда, жақсы жабдықталған бинокль арқылы көруге болады.

“Ол планета Шаян жұлдыздар шоғырында орналасқан. Оны сіз таңертеңгілік қана көре аласыз. Ол жұлдыз сондай-ақ Орион жұлдыз шоғырына жақын орналасуы мүмкін. Орион жұлдыз шоғырын болса, айқындау қиын емес”, - деді Сан Франциско мемлекеттік университетінің астронавты Дебра Фишер.

Жаңа ашылған ол планета біздің күн жүйеміздегі Уран немесе Нептуннан үлкенірек. Ол Сатурннан шағындау болуы мүмкін. Сондықтан оны нақты сипаттай қою қиын, дейді Фишер. Ол планета өз жүйесіндегі күнді 260 күнде бір айналады. Онда су болмауы мүмкін. Дегенмен, жартасты айда су табылып қалуы ықтимал. Жаңа планетаның аты да жоқ. Оны қарапайым түрде 55-ші Канкри “ф” деп атауға болады. Бұл жүйедегі 4-ші және 5-ші планеталар арасынан бір күндері 6-шы планета да табылып қалуы мүмкін деп ғалымдар үміт айтуда.
XS
SM
MD
LG