Accessibility links

Сергей Лавров Сербия мен Косово бір біріне соңғы шарт қоймау керек деді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сербиядан бөлінгісі келетін Косово провинциясына тәуелсіздік беру керек дегеннің орнына халықаралық қауымдастық өз ара келісім тапса жөн деп мәлімдеді. Сергей Лавров бұл сөзін Словения сапарында кеше айтты. Сергей Лавров Сербия мен Косово мәселені өз ара шешу керек, бір біріне соңғы шарт қоймау керек деді. Косово мәртебесі жайында халықаралық араағайындықпен өтіп жатқан келіссөздер оныншы желтоқсанда аяқталуға тиіс, Сербия мен Косово арасында келісім табылмай жатыр. Косово үкіметі келіссөзден нәтиже шықпаса, тәуелсіздікті біржақты жариялай береміз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG