Accessibility links

Грузия жұма күні төтенше жағдай тәртібін тоқтатады


Грузия парламентінің спикері елдегі төтенше жағдай тәртібі жұма күні алынады деп хабарлады. Нино Бурджанадзе ол туралы сәрсенбі күні айтты. Оның алдында АҚШ дипломаты Мэтью Брайза Грузия билігін төтенше жағдайды тоқтатуға шақырып, Тбилисиге барған болатын. Михайл Саакашвили өткен аптада полиция шерушілерге күш қолданған соң, ақпарат құралдарын шектей отырып, елде төтенше жағдай тәртібін енгізген болатын. Саакашвили сондай-ақ, елде 5-ші қаңтарда президенттік сайлау өткізуге шақырды.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG