Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі Косово тәуелсіздігіне балама бар дейды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров халықаралық қауымдастықты Косовоның тәуелсіздігінен басқа шешім қарастыруға шақырды. Бұл туралы сәрсенбі күні Лавров Словениядағы сапары кезінде айтты. Оның айтуынша, Сербия мен Косово өзара оны ешбір шектеусіз келіссөз жүргізу арқылы шешуі керек. Халықаралық арағайыншы елдердің бірнеше рет екі тарапты жақындатуға тырысқан келіссөздері нәтижесіз болды. Косово егер желтоқсанның 10-на дейін келісім жасалмаса, біржақты тәуелсіздік жариялаймыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG