Accessibility links

Пәкістанда премьер-министр міндетін атқарушы Мохаммедмиан Сумро ант қабылдап, қызметіне кірісті


Пәкістан елін уақытша үкімет пен оның басшысы болып тағайындалған парламент спикері қаңтар айының басында өтетін парламент сайлауына дейін басқарады. Одан бұрын полиция оппозиция жетекшісі Беназир Бхутто үй тұтқынынан босатылды деп хабарлаған еді. Адам хұқтары ұйымдары Пәкістан үкіметін сайлау науқаны барысында оппозицияны басып-жаншу үшін төтенше жағдай тәртібін жариялады деп айыптаған еді. Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Исламабадқа барып, Мүшаррафты елдегі төтенше жағдайды тоқтатуға шақырмақшы.
XS
SM
MD
LG