Accessibility links

Жоғарғы палата Ресейдің Европадағы қарапайым қарулы күштер келісіміне қатысуына мораторий жариялануын қолдады


Өткен аптада төменгі палата қабылдаған бұл заң жобасына жоғарғы палата бірауыздан қолдап дауыс берді. Келісімге қатысуды тоқтату 12 желтоқсаннан күшіне енеді. 1990 жылы қабылданған Европадағы қарапайым күштер келісімі Европада танктер мен қару-жарақты орналастыруға шек қояды. Мәскеу келісім жұмыс істемей отыр, өйткені оның 1999 жылы жаңартылған нұсқасын НАТО-ға мүше елдер ратификациялаған жоқ дейді. НАТО болса Ресей жасақтарының Грузия мен Молдовада орналасуына байланысты келісімді ратификациялай алмаймыз дегенді алға тартады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG