Accessibility links

ОБСЕ Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауына бақылаушыларын жіберуден бас тартты


Европдағы ең басты бақылаушы ұйым мұндай шешім себебін Ресей билігінің бақылаушы санын қысқартуымен және тіркелу мәселесінің кешеуілдетілуімен түсіндірген. ОБСЕ-нің Демократиялық институттар мен адам хұқтары кеңсесі таратқан мәлімдемеде 2 желтоқсанда өтетін сайлауға сарапшылар мен бақылаушылардың уақытылы баруын Ресей онша қаламай отыр деп атап көрсетілген. Сондай-ақ европалық бақылаушыларға Ресей Федерациясына кіру визасын беру де кешіктірілген. Ресей Мемлекеттік дума сайлауын бақылауға 70-тей ғана халықаралық бақылаушы шақырған болатын, ал 2003 жылғы сайлауда олардың саны 400 болған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG