Accessibility links

Баку қаласында түркі тілдес мемлекеттердің конгресі басталады


Түркі тілдес мемлекеттердің конгресі Әзірбайжан астанасы Бакуде, қарашаның 17-де ашылмақшы. Ол елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту сауалымен қатар конференция барысында Таулы-Қарабақ мәселесі сияқты саяси сипаттағы тақырыптар да талданбақшы.

Түркі тілдес мемлекеттердің конгресін ұйымдастырып отырған Әзірбайжан ресмилерінің атуынша, Түркия мен бұрынғы Совет үкіметі қарамағында болған бес республикалар арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал ету - конференцияның басты мақсаты.

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан елдері өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін, 1992-ші жылы Түркияның үйлестіруімен алғашқы конференция өткен-ді. Содан бергі аралықта аталған саммиттер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұл жолғы Бакудегі басқосуға Түркия үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған және Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирел қатыспақшы. 30-дан аса аймақтар мен елдерден 500-ден аса делегаттар келеді, деп жоспарлануда. Саммиттің соңғы күні, яғни қарашаның 19-да өзара әріптестікті одан әрі өрістету туралы негізгі келісім-шартқа қол қойылмақшы.

Сондай-ақ саяси тақырыптар қатарында Таулы Қарабақ проблемасы, Кипр аралының бөлінісі және Ирақ пен Ауғанстанда тұратын түркі тектес халықтар өкілдерінің тағдырлары да талқыланатын болады. Бакуде орналасқан, Каспий аймағы бойынша Саяси зерттеулер орталығының президенті Вафа Қулузаденің «Азаттық» радиосына айтуынша, Түркі тілдес халықтар саммитінде қол қойылған келісім-шарттар мен қарарлар жүзеге асқан емес. Сондықтан да ол басқосулар сөз сөйлеу, қарар қабылдаумен шектеліп келеді, дейді сарапшы.

“Қазір Түркиямен жақсы қарым-қатынас түзу маңызды болып отыр. Себебі, бұрынғы Совет республикаларына қарағанда демократия мен батыстық бағытты ұстану және экономика мәселелерде Түркия елі ілгері кеткен. Ол республикаларға Түркия игі ықпал жасай алады. Сондықтан бұл жолғы басқосу бұдан бұрынғылармен салыстырғанда өзгеше өтеді деп сенемін”, - деді Қулузаде.

Сондай-ақ энергия көздеріне бай Орта Азия республикаларының әлемдік базарға Түрік жері арқылы шығу мүмкіндігі де бар. Осылайша олар Ресейге азырақ тәуелді болар еді, дей келіп, сарапшы империялар заманының өткендігін де еске сала кетті. Демек, Ресейдің орнына Түркияны аға ұлт ету қажеттілігі ол республикаларда жоқ, деді Қулузаде. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ол елдер Түркі тектес елдер одағын құру жөнінде идея көтерген болатын. Түркия және басқа да Түркі тектес республикалар арасында тең хұқықты әріптестік пен серіктестік орнату идеясы- ең шындыққа лайық ой, деді Қулузаде.
XS
SM
MD
LG