Accessibility links

Белорус жетекшісі Лукашенконы қолдайтын партия құрылды


Белорус президенті Александр Лукашенконы алдағы жылы парламенттік сайлауларда қолдайтын жаңа партия құрылды. Білім министрі Александр Радков ол “Белая Русь” партиясының жетекшісі болып сайланды. Ол партияның мақсаты, біздің президентімізді әрі оның саясатын қолдау деген. Бұл партияға банк басшысы, олимпиада жеңімпазы, белгілі әнші сияқты көптеген ықпалды адамдар мүше болып отыр. Батыс елдері Лукашенконы адам құқықтарын бұзып, бұрмаланған сайлау өткізіп, ақпарат өкілдерін тұмшалап отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG