Accessibility links

Түркия мен Грекия жетекшілері Каспийден Еуро Одаққа өтетін жаңа газ құбырын ашты


Бүгін Түркия мен Грекия премьер министрлері кездесіп, өз елдерінің шекарасындағы жаңа газ құбырының ашылуына қатысты. Режеп Тайып Ердоған мен Костас Караманлис Ресей мен Таяу Шығысты айналып Каспий аймағынан Еуропа Одағына газ тасымалдайтын 300 шақырымдық жаңа газ құбырының тұсауын кесті. Бұл құбыр қазір Түркиядан Грекияға дейін болады, келешектегі жоспар бойынша ол құбыр жолын созып, газ тасымалын Әзірбайжаннан Италияға және қалған Батыс Еуропаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG