Accessibility links

АҚШ дипломаты Мушаррафты төтенше жағдайды тоқтатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте кеше Исламабадта Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен кездесіп, оны елдегі екі апта бұрын енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауға, саяси тұтқындарды босатып, елде әділ де ашық сайлаулар өткізуге шақырды:

“Төтенше жағдай тәртібі саяси партиялардың, азаматтық қоғам мен ақпарат өкілдерінің белсенді қатысуын талап ететін ашық та әділ және шынайы сайлауларға сай келмейді. Пәкістан халқы төтенше жағдай тәртібіндегі шектеулерсіз өз жетекшілерін еркін таңдау мүмкіндігіне лайық”.

Және де екінші дәрежелі АҚШ дипломаты Неграпонте Пәкістан президентін оппозиция жетекшісі, бұрынғы премьер министр Беназир Бхуттомен билікті бөлісу келіссөздерін қайта бастауға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG