Accessibility links

Украинаның Донецк аймағындағы шахта апатында қаза тапқан кеншілер саны 89-ға жетті, 12 шахтер әлі табылған жоқ


Құтқарылған 356 кеншінің 28-і газбен уланған, ауруханада жатыр. Біреуі қатты күйіп қалған. Бұл Украина тәуелсіздік алғаннан бергі ең бір үлкен апат болды. Украина президенті Виктор Ющенко зардап шеккендерге көмек көррсетіп, апат себебін тексеріп, анықтауға шақырды:

- Алда атқарылар басты шаруалар мыналар болуы керек: апат салдарларын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек, одан соң ауруханаға түскендердің өмірін сақтап қалуға күш салу қажет және үшіншіден біз тез арада апатқа не себеп болғандығын анықтауымыз керек, - деп атап көрсетті.

Ющенко сондай-ақ бүгін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жалпы жексенбі күні Донцек аймағындағы шахтадағы апатқа байланысты үш күн бойына ұлттық аза тұту жарияланған болатын. Қаза тапқандардың алды бүгін жерленеді.
XS
SM
MD
LG