Accessibility links

Косовоның албан жетекшілері тәуелсіздікке ұмтылыс әрекетін Еуроодақ және АҚШ-пен үйлестіретін болады


Сербияның Косово аймағындағы этникалық албан жетекшілері тәуелсіздікке ұмтылыс мәселесін Еуропа Одағы және АҚШ-пен бірге үйлестіре отырып шешетіндерін хабарлады. Дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлері этникалық албан жетекшілерін егер БҰҰ-на қайта хабарлама жасалатын 10 желтоқсанға дейін аймақтың болашақ мәртебесіне байланысты бір келісімге келмесе, Косовоның тәуелсіздігін жариялауға асықпауға шақырған болатын. Халқының басым бөлігі албандар болып табылатын Косово аймағы тәуелсіздікке қол жеткізгісі келеді, бірақ оны ресми Белград қаламайды.
XS
SM
MD
LG