Accessibility links

Израиль премьері мен Палестина төрағасы АҚШ-та келіссөздер өткізбекші


ВАШИНГТОН: АҚШ президент Дж.Буш келесі аптаның сейсенбісінде – 27-нші қараша күні – Таяу Шығыстағы бейбіт келісімге арналған халықаралық конференцияның қонақтарын қабылдайды. Оны Ақ үй ресми түрде растады. Конференция Мэриленд штатының Аннаполис қаласында өтеді. Оның барысында 7 жылдық үзілістен кейін Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді өткізу жоспарланып отыр. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ш.МакКормак мәлімдегендей, конференция тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жолындағы келіссөзді бастау үшін Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббасты бітімге келтіруге тиіс.
XS
SM
MD
LG