Accessibility links

Бүгін кешкісін Словакия президенті Н.Назарбаевтың құрметіне қонақасын береді


БРАТИСЛАВА: Бүгін Братислава қаласында Қазақстан мен Словакия президенттері Н.Назарбаев пен Иван Гашпаровичтің жүзбе-жүз келіссөзі басталды. ҚазақАқпарат ұлттық агенттігінің хабарлауынша, президенттердің жабық келіссөзінен кейін 2 ресми делегацияның кеңейтілген құрамындағы келіссөзі өтеді. Сапардың бағдарламасы бойынша бірқатар ресми құжатқа қол қойылып, қазақ лидері “Қазақстан-Словакия: инвестициялық ынтымақтастықтың келешек мүмкіндіктері” атты форумға қатысады. Бүгін кешкісін Н.Назарбаевтың құрметіне Словакия президентінің атынан қонақасы беріледі.
XS
SM
MD
LG