Accessibility links

В.Путин алдағы парламент және президент сайлауында да “Единая Россия” жеңіске жетуге тиіс деп мәлімдеді


МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин алдағы парламент және президент сайлауында толық жеңіске жету керек деп мәлімдеді. В.Путин 2008-інші жылдың наурыз айындағы президент сайлауынан билік басынан кетуге тиіс, бірақ “Единая Россия” атаулы билік партиясының 2-нші желтоқсанда өтетін парламент сайлауына түсетін партиялық тізімінде есімі бірінші болып жазылды. Бүгін сөйлеген сөзінде В.Путин: “...бізде келесі бірнеше айдың ішінде Ресейдегі мемлекеттік билік бастан-аяқ жаңарады. Міне осы жаңару дұрыс, сәтті әрі елге пайдалы болуы үшін, ал келешек парламент пен президент бүкіл халықтың игілігі үшін қоян-қолтық әрі пәрменді іс атқара алуы үшін бізге тек жеңіс керек”, - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG