Accessibility links

Ресей президенті өзінің саяси қарсыластарын “шиебөрілермен” салыстырды


Ресей президенті Владимир Путин өзінің саяси қарсыластарын батыс тарапынан қуатталатын “шиебөрілермен” салыстырып, мемлекеттің ішіндегі және шетелдегі жаулар Ресейді әлсіреткісі келеді деп мәлімдеді. Мәскеуде өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Путин алдағы парламент сайлауында “Единая Россия” партиясы толық жеңіске жетуі керек деп мәлімдеді. Владимир Путин 2008-інші жылдың наурыз айындағы президент сайлауынан кейін биліктен кетуге тиіс, бірақ биліктегі “Единая Россия” партиясының 2-нші желтоқсанда өтетін парламент сайлауына түсетін партиялық тізімінде Путиннің есімі бірінші болып жазылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG