Accessibility links

Словакия Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге ұмтылысын қолдады


Словакия Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге ұмтылысын қолдады. Словак президенті Иван Гашпарович бұл мәлімдемесін Братиславада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге өткізген баспасөз-мәслихатында жариялады. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның осы ұйымға төрағалыққа ұмтылыс мәселесін талқылауын өткен жылы 12 айға кейінге қалдырған болатын.
XS
SM
MD
LG