Accessibility links

Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран ядролық дағдарысының мәселесін талқылай бастады


Агенттік алқасы өткен аптада жарияланған агенттік директоры Мұхамед Ел-Барадейдің баяндамасын талқылап жатыр. Баяндамада Иран ядролық бағдарламасы жайындағы сауалдарға маңызды ақпаратты көбірек ашты, дегенмен уран байытуы тоқтатылсын деген Біріккен Ұлттар Ұйымының талаптарына көнбей отыр делінеді. Мұхамед Ел-Барадей кіріспе сөзінде Иранды кеңірек әріптестікке шақырды. Иран делегациясының бастығы Саид Жалили 30 қарашада Лондонда Еуропа Одағы сыртқы істер үйлестірушісі Хавиер Соланамен кездесіп, мәселені талқылаймын деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG