Accessibility links

Пәкістан Жоғары соты президент Перуез Мұшаррафтың қайта сайлануын біржолата құптады


Перуез Мұшарраф қазан айында қайта сайланған, Жоғары сотына сайлауды жарамсыз деп тану жөнінде бірнеше талап түскен. Жоғары сот бес талап-арызды мұның алдында қанағаттандырмай тастады, соңғы талап бүгін кері қайтарылды. Пәкістан Жоғары сотында қазіргі кезеңде президент Перуез Мұшаррафтың сенімінен шыққан төрешілер басым. Перуез Мұшарраф Жоғары сот қайта сайлануымды құптаса, жоғары қолбасшы қызметінен кетіп, жаңа президенттік қызметімді азаматтық саясаткер ретінде бастаймын деген.
XS
SM
MD
LG