Accessibility links

АҚШ Еуропада зымыраннан қорғану жүйесін орнату ниетінен қайтпақ емес

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ресейдің қарсылығына қарамастан Еуропа жерінде зымыраннан қорғану жүйесін орнату жөніндегі жоспарын жүзеге асыруды Құрама Штаттар одан әрі жалғастыратын болады. Бұл жөнінде АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Виктория Нюланд айтты. Техраннан келетін қауіптен АҚШ және оның Еуропалық одақтастарын қорғауда бұл жүйе ең тиімді әдіс, деді Нюланд.

АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Виктория Нюландтың айтуынша: “Өздеріңіз білетіндей, Иран қазіргі өзінің траекториясында, біздің территориямызға жететін алысқа бағытталған зымырандарға 2015-ші жылға дейін қол жеткізеді, деп Құрама Штаттар анықтап отыр”, - деді Нюланд.

Техраннан келетін қауіптен АҚШ және оның Еуропалық одақтастарын қорғаудың маңыздылығын дәлелдеу үшін АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Виктория Нюланд ханым Еуропалық депутаттарға бірнеше суреттер көрсетті. Ол суреттерге қарағанда, НАТО-ның одақтасы Түркияға жететін қысқа қашықтыққа бағытталған зымыран Иранда қазірдің өзінде бар. Аздаған жылдар ішінде Греция мен Еуропаға жететін орта қашықтықтағы зымыранға Техран қол жеткізе алады, дейді Нюланд. Еуропа жерінде зымыраннан қорғану жүйесін орнату жөніндегі жоспарын жүзеге асыруды Құрама Штаттардың одан әрі жалғастыратындығын Нюланд тағы да растады.

Атап айтқанда Чехияда радар қондырғысын, ал Польша жерінде 10 зымыран аулағышты орнатпақшы. Бұл жаңа жүйе 2013-ші жылға дейін Еуропада іске қосылмақшы. АҚШ-та ол жүйе қазірдің өзінде қолданыста. Сондай-ақ Түркия мен Греция елдері Иранның орта қашықтықтағы зымыран жүйесінен қорғану мүмкіндіктерін өздері дамытуы тиіс, деді Нюланд.

АҚШ-тың Еуропа жерінде зымыраннан қорғану жүйесін орнату жөніндегі жоспарының Ресейге қарсы бағытталмағандығын елші қайталады. Ол зымыран аулағыштар Ресейдің құрылық аралық зымырандарын аулай алатындай дәрежеде тым жоғары ұша алмайды, деді Нюланд.

Бұл істе қажетті мейлінше айқындықты АҚШ ресми Мәскеуге ұсынған болатын. Сондай-ақ зымыраннан қорғаныс жүйесінде болашақта Ресейлік әріптестерімен бірлікте жұмыс істегісі келеді, деді елші. Тәуелсіз сараптамалық ұйым маманы Стефен Пуллингердің пікірінше, Ресеймен бірлікте жұмыс істеудің маңызы зор. Олай болмаған жағдайда, Ресей елі екі жақтың бір-біріне бірдей уақытта шабуыл жасай алу мүмкіндігі жөніндегі келісімнен шығып, ешкімге айтпастан оқ тұмсықтардың санын көбейтіп, Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндірмекші. Сондықтан Ресейді кеңес құрамында ұстаған дұрыс, дейді сарапшы Пуллингер.

Ресми Уашингтон ең әуелі Иран елі Таяу Шығыстағы мұнай кеніштеріне немесе мұнай тасымалы жолдарына шабуыл жасайды, деп қауіптенуде. Сондай-ақ Иранның немесе аймақтағы басқа елдердің халықаралық дәрежеде бопсалауға бару мүмкіндіктерінен АҚШ қауіптенеді. Мұндай жағдайда Құрама Штаттар алдын-алу шабуылы сияқты тәсілге жүгінуі мүмкін, дей келіп, сондай-ақ Иранның химиялық және биологиялық қаруларының болашағынан да қауіптенетіндігін айтты Нюланд.
XS
SM
MD
LG