Accessibility links

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы әлемде клондаудың барлық түріне тиым салуға шақырып отыр


Ғалымдар қауымдастығы адам баласын да клондауға болатын жаңалыққа жақындап қалғандай. Осы аптада "Табиғат" деп аталатын басылымда жарық көретін зерттеу мақалада Орегон ұлттық зерттеу орталығының ғалымдары макаканың тірек клеткасынан алынған эмбрионды ересек ер адамның терісінен алынған клеткамен клондауды жемісті түрде жүзеге асырғаны турасында жазған.

Бұл әрине клондалған маймылдан жасанды жолмен ұрпақ алудан өзгеше, бір қадам өрге басқан жаңалық. Бұған дейін қойды, мысықты, тышқанды клондау тәжірибелері табысты жүзеге асқан болатын. Мәселен, 2003 жылы ересек физикалық клеткадан клондалған алғашқы қой Долли деп аталғаны мәлім.

Дегенмен де зерттеушілердің мақсаты адам баласы үшін көбірек терапиялық мүмкіндіктер ашу. Ғалымдар адамның ауруға шалдыққан органдарын алмастыра алатындай жаңа органдарды, дене мүшелерін қолдан жасап дамытуды көздейді. Міне осындай мақсатты жүзеге асыру үшін ғалымдар адамның эмбриондық тірек клеткаларын клондау қажет деп біледі.

Орегон ұлттық зерттеу орталығындағы биолог ғалым Шухрат Миталипов өз командасының бұл жаңа әдісті адамның тірек клеткасын клондауға пайдалануға тырысып жатқандығын айтқан. Дегенмен де, кейбір теологтар, атап айтқанда католик дінінің бір өкілі бұл жаңалықты жүзі өткір ұстара тәрізді қылышпен тең жағдай деп атады. Ал Орегон ұлттық орталығы ғалымдарының бұл хабарламасына орай БҰҰ клондаудың барлық төріне тиым салуға шақырды.

Алайда Британия, Бельгия, Қытай сияқты терапиялық клондауды қолдайтын елдер БҰҰ-ның бұл декларациясына мойнұсынбаймыз дейді.
XS
SM
MD
LG