Accessibility links

Түркіменстан астанасы Ашхабатта Тәуелсіз мемлекеттер достастығының премьер-министрлері саммит өткізді


Түркменстанда ТМД жиналысы 1993 жылдан бері бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Түркіменстан бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың кезінде халықаралық қауымдастықтан оқшауланып қалған, 2005 жылы ТМД одағындағы мүшелігін “серіктес” мәртебесіне дейін төмендетіп тастаған болатын. Түркімен мемлекеттік телекомпаниясы бейтараптық саясаты нәтижесінде Түркіменстан ТМД одағында маңызды және іскерлік роль атқарады, Түркіменстан мен оның басшылары конструктивті ұстанымының арқасында мойындалды деп сипаттайды. ТМД бас министрлерінің саммитінде бірқатар экономикалық мәселелер талқыланды.
XS
SM
MD
LG