Accessibility links

Бұрынғы Ресей тыңшысы А.Литвиненконың өліміне бір жыл толды


Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы офицері әрі Кремльдің сыншысы Александр Литвиненконың қастандықтан қаза болғанына бүгін 1 жыл толды. Литвиненко полоний 210 деген радиоактивті затпен уланып Лондонда өткен жылы 23-ші қарашада қайтыс болған еді. Бейсенбі күні Литвиненконың зайыбының адвокаттары Адам хұқтары жөніндегі Еуропа Сотына шағымданып, Литвиненконың өліміне Ресейдің қатысы бар деп айыптады. Бірақ ресми Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Литвиненконың өліміне қатысы бар деп күдіктелген Андрей Луговойды экстрадициялау жөніндегі Британияның өтінішін Мәскеу орындаудан бас тартты. Бұрынғы барлау қызметінің офицері әрі парламенттік сайлауға үміткер ретінде түсейін деп жатқан Андрей Луговой Литвиненконың өлімінің артында Британияның барлау қызметі тұр деп айыптады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG