Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Иранның ядролық амбицияларына онша сенімді емес


Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохаммед Әл-Барадей Иранның ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатты ғана көздейтінін агенттік әлі растай алмай отыр деп мәлімдеді. Венадағы МАГАТЭ басқармасының жиынында сөйлеген сөзінде Әл-Барадей аталған агенттік Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кей маңызды жайттарды тексере алмай отыр деп мәлімдеді. МАГАТЭ басшысы әсіресе Иранның центрифуга дамыту әрекеттері мен әскери мақсатта дамытылып жатқан болуы мүмкін делінген даулы зерттеулеріне қатысты шешім таппаған маңызды сауалдарды атап өтті. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді, бірақ бұл айыптауларды ресми Теһран жоққа шығарып, ядролық бағдарламамыз тек бейбіт мақсатты көздейді деп отыр.
XS
SM
MD
LG