Accessibility links

Украина премьер министрі В. Янукович өз үкіметінің таратылғанын хабарлады


Бүгін Украинадағы қыркүйек айындағы сайлаулардан кейін парламенттің алғашқы отырысы өтті. Онда Украина премьер министрі Виктор Янукович өз үкіметінің таратылғанын хабарлады.

“Украина Конституциясының 115 бабы мен министрлер кабинеті туралы заңның 12 бабына сәйкес, Украинаның министрлер кабинеті биліктен кетеді деп жариялаймын. Рахмет сіздерге!” - деген Янукович.

Министрлер кабинеті жаңа одақтас үкімет жасақталғанша үкіметті ұстап тұрған. Парламенттік сайлауларда басым дауысты “Қызғылт сары” төңкеріске қатысы бар екі партия жеңіп, Верховна Рада-дағы 228 орынды алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG