Accessibility links

Сарапшылар босниялықтардың жаппай көмілген мүрдесін ашуды аяқтады


Сот сарапшылары Боснияның шығысындағы Каменица ауылы маңында жаппай көмілген адам мүрделерін ашуды аяқтады. Тузла қаласының прокуроры Фатима Хаджибегановичтың сөзіне қарағанда, қылмыстарын жасырамыз деп басқа көмбеден әкеліп тыққан ол жерден 616 мәйіт алынған. Ресмилердің айтуынша, құрбандардың көбі Босния сербтерінің 1992-1995 жылдардағы соғыста 8 мың мұсылманды қырған Сребреницадағы босниялық мұсылмандар. Мамандар бұл мәйіттердің тегін анықтау ұзақ жылдарға созылады деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG