Accessibility links

Құқық қорғаушы топтар Ингушетиядағы қамауларды сынады


“Амнести Интернэшнл” ұйымы мен “Human Rights Watch” адам құқықтарын қорғау ұйымы Ресейдің Ингушетия республикасында үш журналист пен адам құқын қорғаушының ұсталғанын сынға алды. Хабарларға қрағанда, Назран қаласындағы қонақ үйге тоқтаған тәуелсіз Рен ТВ арнасының үш тілшісі мен Мемориал адам құқын қорғаушы топтың басшысы Олег Орловты бетін бүркемелеген адамдар әкетіп, ұрып соғып, кейін босатқан. Ол төртеуі Ингушетиядағы үкіметке қарсы шеру туралы хабар жасауға барған. Құқық қорғаушы топтар олардың ұсталуының саяси астары бар деп, Ресейді бұған тергеу жүргізуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG