Келіссөз Австрияның Баден қаласында бірнеше күн жалғаспақ. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағының арағайындығымен өтіп жатқан келіссөз 10 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс, мәселені бұдан соң Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайды. Сербия Косовоға тәуелсіздік берілмесін дейді, Косовоның албан басшылары келіссөзден нәтиже шықпаса тәуелсіздікті өзіміз жариялай береміз дейді.