Accessibility links

АҚШ президенті Таяу Шығыс конференциясына оптимизм танытты


АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Аннаполис қаласында басталатын Таяу Шығыс келіссөздеріне оптимизм танытты. Мэриленд штатында болатын 3 күндік конференцияның мақсаты- көптен бері тоқтап қалған Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік туралы келіссөздерді қайта жандандыру болып табылады. Бұл екі жақ арасында бейбітшіліктің орнауы “қиын ымыраға келуді” талап етеді, деді Буш.

“Біз ортақ мақсатты көздейміз, яғни екі демократиялық мемлекет, Израиль мен Палестина бір-бірімен бейбітшілік және қауіпсіздік жағдайында тұрса дейміз. Бұл мақсатқа қол жеткізу “қиын ымыраға келуді” талап етеді. Израильдіктер мен Палестиналықтар оны іске асыруға міндетті болатын өз басшыларын сайлаған”, - деді Буш. Ал Газа қаласында бүгін мыңдаған Хамас қолдаушылары шеру өткізіп, Аннаполистегі конференцияны жоққа шығарды.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG