Accessibility links

Ауған министрі Бағландағы жарылыста тек оқ тиген үш адам ғана көмек сұраған дейді


Ауғанстан İшкі істер министрінің айтуынша, Бағлан аймағындағы жарылыстан кейін тек үш адам ғана оқтан пайда болған жарасына көмек сұраған. Қарашаның 6-сы күні Бағланға сапармен келген депутаттарға жанкештілік шабуыл жасалған болатын. Осы жарылыстан және қауіпсіздік қызметкерлерінің бей-берекет оқ жаудыруынан кем дегенде 71 адам қаза болған-ды. Оның 61-і мектеп оқушылары және 6-ы депутаттар еді. Кейбір отбасылары мәйіттерді ашу арқылы, оқтан қаза болғандарды анықтау жөнінде талап қойып отыр.
XS
SM
MD
LG