Accessibility links

А.Атамбаев өз сөзінде тұрып Қырғызстанның премьер-министрінен кетті


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстанда А.Атамбаев премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметінен босатуды сұрап, президент Қ.Бәкиев оның өтінішін қанағаттандырды. Қ.Бәкиевтің баспасөз-қызметі хабарлағандай, А.Атамбваев үкімет басынан өз ықтиярымен кетті. А.Атамбаев – премьер-министр болып саяси оппозицияның жаппай митингісін бастауының алдында ғана өткен наурыз айында тағайындалды. Қазан айында Қырғызстанның жаңа Ата заңы қабылданған соң, оның үкіметі міндетін атқарушы болып қалды.
XS
SM
MD
LG