Accessibility links

Қазақстан - ЕҚЫҰ-ына 2009-ыншы жылы төраға бола алмайды


МАДРИД: Осы аптада Қазақстанның 2009-ыншы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға берген өтініші қанағаттандырылмайтын сияқты. Қауіпсіздік, демократия және адамның құқы мәселелерімен айналысатын осы ұйымға мүше мемлекеттердің Мадрид қаласында өтетін жыл сайынғы кездесуінде ресми Астанаға 2010-ыншы, не 2011-інші жылы төраға болу туралы ұсыныс жасалмақшы. Бұл ұсынысты аталған Еуропалық ұйымға биыл төрағалық ететін Испания әзірледі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз-хатшысы атап көрсеткендей, Испания Қазақстанмен арада “ымыраға келе алатынына іштей сенімді”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG