Accessibility links

Қазақстан оппозициясы елді демократияландыру үшін жаңа бастама көтерді


АЛМАТЫ: Қазақстандағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы республика азаматтарына, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарына “Демократиялық реформалар үшін халықтық коалиция құруға” шақырған үндеу жолдады. Үндеуде атап көрсетілгендей, қолдан бір партиялық парламент құрылғаннан кейін Қазақстан халық өкілдерінің билігінсіз қалды, халықтан біржола хабар үзген жоғарғы биліктің іс-қимылы саяси жүйені қауіп-қатерге қарай бұрып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұрындырды. Соған байланысты Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының лидері Ж.Тұяқбай барлық саналы азамат пен саяси партияны, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымды демократиялық реформаларды мақсат еткен кең Халықтық коалиция құруға шақырады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG