Accessibility links

Германияда грузин оппозициясы басшыларының бірі И.Окруашвили ұсталды


БЕРЛИН: Грузияның сұрауы бойынша Берлинде грузин оппозициясының бір лидері Ираклий Окруашвили ұсталды. Ресми Тбилиси оны ұстап беруді өтінеді. Германия баспасөзінің бұл хабарын неміс прокуратурасы әзірше растаған жоқ. Окруашвилиді Грузияға ұстап беру мәселесін алдымен Берлин сотының, ал одан кейін Германияның Әділет министрлігінің қарауы үшін грузин жағы тиесілі құжаттарды жолдауға тиіс. И.Окруашвили қыркүйек айында Тбилисиде ұсталып, көп ұзамай кепілдікке ақша төлеп босатылды да, дереу Германияға ұшып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG