Accessibility links

Францұз президенті полицейлерге оқ атқандарды түгел сотқа береді


ПАРИЖ: Париждің іргесіндегі тәртіпсіздіктің барысында полицейлерге оқ атқандар міндетті түрде сотталады. Ауруханада хал үстінде жатқан полицейге кіріп шыққан францұз президенті Н.Саркози осындай уәде берді. Париждің іргесі мен басқа да елді-мекендердегі тәртіпсіздіктің жалғасуына байланысты Н.Саркози бүгін министрлермен төтенше мәжіліс өткізеді. Бүлік шығарған жастармен арадағы 3 түн жалғасқан қақтығыстардан кейін 120-дан астам полицей жараланды. Жастардың бүлігі – Париждің іргесіндегі Вилье-ле Бель қаласында 2 жеткіншектің мотоциклмен полиция көлігіне соғылып, полицейлер оларға дәрігерлік көмек көрсетпей қыршын болуынан кейін 25-інші қарашада басталды. Оңтүстіктегі Тулуза қаласында да тәртіпсіздік болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG