Accessibility links

Сербия 14 адамды соғыс қылмыстары үшін айыптап отыр


Сербия соғыс қылмысы прокурорлары 1991 жылы Хорватияда 70-ке жуық бейбіт тұрғынды өлтірді деген айыпты бұрынғы Югославия армиясының 14 жасағы мен жартылай әскери топқа тақты. Олар сербия-хорватия шекарасындағы Ловас аулында тұрғындарды азаптап өлтірген делінеді. Айыптаушылардың мәлімдеуінше, күдіктелгендердің жетеуі ұсталған. 1991 жылы Хорватияның Югославиядан өз алдына тәуелсіздік жариялауы серб көтерілісшілерімен төрт жылға созылған соғыс өртін тұтандырған болатын. Ол соғыста барлығы 20 мыңға жуық адам құрбан болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG