Accessibility links

Литвиненко ісінде куәгер бола алатын бұрынғы КГБ агентті абақтыдан босатылды


Ресей құпия қызметтерін мемлекеттік терроризмде айыптаған бұрынғы КГБ агенті бүгін Урал абақтысынан босатылды. Михаил Трепашкин 1999 жылы орын алған жарылыстардың артында Ресей билігі тұр деп айыптаған болатын. Кейнірек Михаил Трепашкин “мемлекеттік құпия мәліметтерді ашты” деген айыппен түрмеге жабылған тұғын. Ал Ресей билігі жүздеген адамның өмірін қиған ол шабуылдарға байланысты шешен көтерілісшілерін айыптаған еді. Осыны сылтауратып Ресей Шешенстанда жаңа әскери іс-қимыл жасаған болатын. Михаил Трепашкин өткен жылы Лондонда қастандықтан қаза тапқан бұрынғы Ресей тыңшысы Александр Литвиненконың ісіне қатысты куәгер болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG