Accessibility links

Мадридте ЕҚЫҰ жиынының екінші күні басталды


Бүгін Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің жиыны жалғасып жатыр. Аталған ұйымға мүше 56 елдің министрлері Қазақстанның ОБСЕ-ге 2009 жылы төрағалық етуге берген өтінішін қарады. Бірақ бұл мәселе туралы ресми түрде әлі ешнәрсе жарияланбады. Қазір Мадридте жүрген тілшіміз былай деп хабарлайды:

“Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл мәселе азғана сәтсіз болды деп ойлайтынын атап көрсетіп, Қазақстан 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа қол жеткізу үшін “ұзақ уақыт бойы” жұмыс істеп жатыр деді. Бұған негізінде бірнеше жыл болды. Лавров сондай-ақ тек өткен жылы ғана немесе бір жылдан азғана көптеу уақыт аралығында күтпеген жағдайда Қазақстанның жергілікті және сыртқы саясатына қатысты сұрақтар пайда бола бастады деді”.
XS
SM
MD
LG