Accessibility links

Рочестерде бірнеше адамды кепілдікке алған кісі полицияға берілді


АҚШ президенттігінен үміткер Хиллари Клинтонның сайлау науқанын жүргізетін кеңсесінде бірнеше адамды кепілдікке алған тосын оқиға сәтімен аяқталды. Нью-Гемпшир штатының солтүстік шығысындағы Рочестерде адамдарды алты сағат бойы тұтқында ұстаған бір кісі, президенттіктен үміткер Клинтон ханыммен сөйлесуді талап етіп, кейін өзі полицияға берілген. Кепілдікте болғандардың барлығы аман-есен босатылған. Оларды кепілдікке алған күдікті ақыл есі ауытқыған егде жастағы адам делініп отыр.
XS
SM
MD
LG