Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалықты 2010 жылы алады


Қазақстан бұрынғы совет елдері ішінде бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін болды. Аталмыш ұйым өкілі Виржиний Кулидон «Азаттық» радиосына Мадридтен берген сұхбатында:

“Біз білетіндей, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ететін болады. Бұл төрағалық ешқандай шартсыз берілді. Бұл Қазақстан мен ЕҚЫҰ үшін ең маңызды әрі қызықты сәт болмақ”, - деді.

Сонымен, Қазақстан өзі ұсынғандай 2009 жылы емес, 2010 жылы ұйымға төрағалық етеді. 2009 жылы Грекия, 2011 жылы Литва елі ЕҚЫҰ-на төрағалықты алады деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG