Accessibility links

Ресейде парламент сайлау өтуде


Ресейліктер парламенттік сайлауларына дауыс беріп жатыр. Бұл мемлекеттік Думаның 450 орындық төменгі палатасындағы орындар үшін 11 партия бәсекелесуде. Бірақ, бұл сайлауда президент Путиннің “Единая Россия” партиясы жеңіске жетеді деп күтіліп отыр. Бүгін Ресей президенті Путин журналистерге:

“Көңіл күй өте жақсы, мерекелік. Құдайға шүкір, сайлау науқына аяқталды, мен дауыс берушілер өз ұстанымдарын, таңдауларын анықтағанына сенімдімін. Енді тек олар бүгін сайлау учаскелеріне келіп, өздеріне қолдау жасайтын бағдарламасы бар партияларға, оның кандидаттарына дауыс беруі қажет”, - деді.

Батыстық бақылаушылар өздерінің бұл сайлауларды бақылау әрекетіне кедергілер жасалып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG