Accessibility links

Қазақстан мен оның шетелдік әріптестерінің мүдделерін теңестіретін уақыт келді


АСТАНА: “Қашаған” мұнай кеніші бойынша келіссөздің нәтижесі бүгін жариялануға тиіс. “Қазақстан бүгін” агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, нәтиже дүйсенбі күні жарияланады және келіссөз осыған дейінгі ауқымда әрі қарай жалғасады. Қ.Саудабаевтың атап көрсетуінше, “осы күні Қазақстан мен оның шетелдік әріптестерінің мүдделерін, оның ішінде Қашаған бойынша мүдделерін теңестіретін уақыт келді”. “Кезінде, деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы, біздің еліміз инвестицияға мұқтаж болды және шетелдік инвесторларға саналы түрде көптеген жеңілдік берді. Бірақ бүгін... Қазақстан экономика саласында да, саясат саласында да ірі инвестор болып табылады.”
XS
SM
MD
LG