Accessibility links

Қазақстанда 2009-ыншы жылдың көктемінде ұлттық халық санағы өтеді


АСТАНА: Қазақстанның ресми баспасөз құралдары хабарлағандай, ұлттық халық санағы 2009-ыншы жылы жүргізіледі. Қазақстан үкіметінің 28-інші қараша күні қабылдаған Қаулысына сәйкес, ұлттық халық санағы 2009-ыншы жылдың 25-інші ақпаны мен 6-ншы наурызы аралығында жүргізіледі. Оған қоса үкімет ұлттық санақ жүргізу шараларының жоспарын бекітіп, жергілікті билікке 2008-інші жылдың 1-інші шілдесінен 2009-ыншы жылдың 1-інші сәуіріне дейін әкімшілік-территориялық құрылымдарды жою, өзгерту немесе қайта құру және көшелердің атауларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізбеуге нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG