Accessibility links

Украинадағы Засядько көмір шахтасында 3-інші жарылыс болды


ДОНЕЦК: Кеше Украинаның Донецк облысында Засядько атындағы көмір шахтасында жаңа жарылыс болып, 5 кенші қаза тапты, тағы 30 шақты адам жараланды. Ол туралы Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігін сілтеген “Интерфакс” агенттігі хабарлайды. Бұл соңғы 2 апта ішіндегі үшінші жарылыс. 18-інші қараша күні метан газының жарылысынан 101 кенші мерт болса, 1-інші желтоқсан күні тағы 47 адам жапа шекті. Дүйсенбіге қараған түні соңғы 2 жарылыстан 90 кенші аурухана тап болды. Бүгін Бонецкіге премьер-министр В.Янукович келуге тиіс.
XS
SM
MD
LG