Accessibility links

Палестина мен Израильдің арасындағы бейбіт келіссөз өз жемісін бере бастады


ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Израиль шамамен 430 палестиналық тұтқынды босатуға тиіс. Израиль шенеуніктерінің хабарлауынша, тұтқындардың басым көпшілігін Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас бастаған ФАТХ қозғалысының мүшелері құрайды. Бақылаушылардың атап көрсеткеніндей, тұтқындар М.Аббасты Газа аймағына үстемдік орнатқан “Хамас” ұйымына қарсы күшейту мақсатында босатылмақшы. Өткен аптада М.Аббас пен Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Аннаполис қаласында өзара бейбіт келіссөзін бастады.
XS
SM
MD
LG